Жаңалықтар

Өзіңді бағалауды үйренудің 7 тәсілі

Психология
22.08.2016 11:15 9278

Адам өмірі сынақтарға толы. Қиын-қыстау кезде өзіңе-өзің көңілің толмай, қолыңды бір-ақ сілтейтін кездер болады. Бұл психология ілімінде зерттелген құбылыс және мұндай кезеңдер кез-келген адамның басынан өтеді.

Өзіңді бағалауды үйренудің 7 тәсілі

Жоғарыда атап өткендей қиындықтар адамның өзіне деген сенімділігін азайтып, үлкен психикалық ауытқушылықтарға әкелуі мүмкін.

Ұзақ жылдар бойғы зерттеулер нәтижесінде ғалымдар өзіңді бағалап үйренудің тиімді әрі өте қарапайым жолын ойлап тапты. Сонымен жаттығуға көшуге дайынсыз ба?

Ендеше жаттығуды орындау үшін сізге алдымен қағаз бен қалам қажет. Технология қанша дамығанымен психологияға қатысты жаттығулар немесе «күнделік» секілді жазбаларды қарапайым қаламмен жазған дұрыс. Себебі қазаз бен қалам сіздің жүрегіңіздің түкпірінде жатқан ойларды шығаруға көмектеседі.

Сонымен жаттғуға кірісейік! Сізге 7 түрлі тапсырма беріледі. Әр тапсырманың өзінде 7 тармақ бар. Жаттығудың ережесі бойынша барлық тапсырманы толығымен орындау қажет. Кері жағдайда жаттығу көмектеспеуі мүмкін. Сондықтан барынша мұқият жауап беруге тырысыңыз.  

1. Өзіңіздің ойыңызша ең жақсы 7 қасиетіңізді жазыңыз?

Барлық тапсырманы кейінге қалдырмай, бірден орындап тастауға тырысыңыз.

2. Мінезіңіздегі 7 ерекше қасиетті тізіп жазыңыз.

Бұл жазу тек өзіңіз үшін ғана. Сондықтан өзіңізді мақтауда тұрған еш әбестік жоқ.  

3. Сізді бағалайтын 7 адамның атын жазыңыз.

Егер 5-ші, 6-шы тармаққа келіп кідіріп қалсаңыз ешнәрсе етпейді. Бастысы ойланып, жеті тармаққа да жауап беріңіз.

4. Өміріңізде қол жеткізген 7 жетістігіңізді тізіп жазыңыз.

5. Өзіңізді ерекше құрметтеген 7 сәтті есіңізге түсіріп, қағазға түртіңіз.

6. Ертең істейтін 7 тірлігіңізді жазыңыз.

Бұл жаттығудың өте маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан өте мұқият болыңыз.

7. Сіздің жеткен жетістігіңізге шын көңілмен қуанатын 7 адамның тізімін жазыңыз.

Жазылған тізімді уақытыңыз болған сайын дауыстап оқуға тырысыңыз. Сонда сіз сенімсіздік, өзіңді бағаламау дегеннің не екенін білмейтін боласыз. 


Алмас САУДАНБАЙ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға