Жыр-Time: Анарбеков алға озды, дзюдодағы сәтсіздік, бокстағы алтын кімге бұйырады?
2 Желтоқсан 2025, 11:27
Жыр-Time: Анарбеков алға озды, дзюдодағы сәтсіздік, бокстағы алтын кімге бұйырады?
«Жыр-Time» бағдарламасының жаңа шығарылымында ұлттық спорт рухы жыр болып өрілді. Еуропаны таңғалдырған «Қайрат», Чемпиондар лигасының үздік жеті ойыншысы қатарынан орын алған Темірлан Анарбековтің ерлігі – ақын сөзінің өзегіне айналды. Абу-Дабидегі Гранд Слэмде жалғыз қолаға тоқтаған дзюдо құрамасының жағдайы мен жас реформаның қажеттілігі де жыр ішінде сұрақ болып өрілді. Ал бокс майданында қазақ пен өзбек арасындағы жаңа дуэль, World Boxing тізгінін ұстаған Геннадий Головкиннен кейінгі үміт – Сәкен мен жас қырандардың ертеңгі жеңістеріне бағытталған тілекпен түйінделді.