Жаңалықтар

«Жылына үш-ақ рет ұрған». Бишімбаевтың адвокаты судьядан не үшін сөз естіді

«Жылына үш-ақ рет ұрған». Бишімбаевтың адвокаты судьядан не үшін сөз естіді
Фото: Коллаж El.kz 03.05.2024 12:52 1877

Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысындағы жарыссөз кезінде адвокат Ерлан Ғазымжанов айыптау бойынша жылына үш рет ұрып-соғу болғанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Нүкенованы «жүйелі азаптап өлтірді» деп санауға болмайтынын алға тартты.

Қылмыстық кодекстегі аталған бапты ашсаңыз, онда азаптау дегеніміз – жүйелі түрде ұрып-соғу деп жазылғанын көресіз, алайда некеде болған кезде осыған ұқсас үш жағдай ғана болған. Бұл жүйелі түрде ұрып-соғуға жата ма? Олар бірге серуендеп, бірге демалды, қымбат әшекейлер тағып, киім-кешек алды, бар болғаны үш рет қана жанжал шығарып, үш рет қақтығыс орын алды. Бұл жүйелі азаптау, жүйелі түрде ұрып-соғуға жата ма? Онда кез келген отбасыға барып, жылына шыққан үш жанжал үшін 4 жылдан 7 жылға дейін жаза тағайындайық, - деді Ғазымжанов.

Осы сөздерден соң судья Айжан Құлыбаева адвокатқа ескерту жасады. Судья оған қылмыстық іс жүргізу заңнамасын бұзатын мысалдар айтқанын түсіндірді.

Құрметті сот, сіз маған үнемі қоқан-лоқы көрсетесіз, бірақ басқаларға бұлай жасамайсыз, - деді адвокат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға