Жылына 70 мың көлік : 2025 жылы Қазақстанда жасалған «Kia» шығады
24.11.2023 16:15
Фото:
© Pixabay.com
Өндіріс қуаты жылына 70 мың автокөлікті құрайтын жаңа зауыттың іске қосылуы осы маркалы машина үлгілеріне деген тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Жоба бойынша инвестиция көлемі 90 млрд теңгені құрап, 1500 жұмыс орны ашылмақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қостанай облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың сөзінше, Kia Corporation компаниясының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын Kia автокөліктерін шығаратын жаңа зауыттың құрылысы басталды.
Зауытты іске қосу 2025 жылға жоспарланып отыр. Сондай-ақ құны 13 млрд теңге (жылына 70 мың бірлік, 800 жұмыс орны) автокомпоненттер өндіру жөніндегі локализациялық орталықтың құрылысы басталады, - деді ол.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

