29 Тамыз 2025, 14:19

Жылына 210 мың аккумулятор шығарамыз. Импорт неге азаймайды?

«El.kz» порталының  арнайы жобасы «Біздің Brand» шығармашылық ұжымы Талдықорғандағы «ASMA Industrial Ltd» кәсіпорнына барып қайтты.
Бұл зауыт - энергетика, телекоммуникация және теміржол салаларына арналған заманауи аккумуляторлар шығаратын еліміздегі бірегей өндіріс орындарының бірі. Жылдық қуаты 210 мың дана аккумулятор шығаратын кәсіпорын өндірісін толық циклда жүзеге асырады. Қазақстанға жыл сайын шамамен 2,5 миллион аккумулятор импортталады, ал отандық кәсіпорындардың үлесі әлі де аз. Дегенмен, «ASMA Industrial Ltd» бұл тәуелділікті азайтып, экспорт әлеуетін арттыруға жұмыс істеп отыр. Бұл ретте өндіріс орнына мемлекет тарапынан индустрияландыру бағдарламасы аясында қолдау көрсетіледі. Инфрақұрылымдық жеңілдіктер, өндірістік жабдықтарды жаңғыртуға берілетін мемлекеттік бағдарламалар мен қаржылық қолдаулар - компанияның дамуына серпін беріп, ел экономикасына үлесін қосуда. 
«Біздің Brand» тілшісі зауыттағы барлық процесті өз көзімен көріп, өндірістің қалай жүретінін түсіріп қайтты. Қазақстандағы аккумулятор өндірісінің шынайы тынысымен танысқыңыз келсе, шығарылымды көріңіз!