Жаңалықтар

Жылумен жабдықтау жүйесінде 23 миллиард жымқырылған - бас аудитор

Жылумен жабдықтау жүйесінде 23 миллиард жымқырылған - бас аудитор
Фото: senate.parlam.kz 21.06.2023 10:57 828

Еліміздің бас аудиторы Наталья Годунова Мәжілістің жалпы отырысында жылумен жабдықтау саласындағы жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022-2023 жылғы жылыту маусымында бірқатар өңірлерде туындаған штаттан тыс және тіпті төтенше жағдайларға байланысты жоғары аудиторлық палата тексеру комиссияларымен бірлесіп жылумен жабдықтау саласындағы басқарманың тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді. Аудит 47 мемлекеттік мекемеде және 44 табиғи монополия субъектісінде жүргізілді. 140 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын және 480 млрд теңге активтерді пайдалану тиімділігі тексерілді, - деді Наталья Годунова.

Оның айтуынша, 23 миллиард теңгеге қаржылық заң бұзушылық, 37 млрд теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаужәне 117 млрд теңгеге экономикалық шығындар анықталды.

Жылумен жабдықтау объектілерін салуға, реконструкциялауға және жөндеуге 2020-2022 жылдар кезеңінде 250 миллиард теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен - 84 млрд теңге бөлінген. Алайда, жылу-энергетикалық жүйенің апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететіндей жағдай жасалмаған. Мұны ЖЭО – ның негізгі жабдықтарының тозуының жоғары дәрежесі - ел бойынша орта есеппен 66% және жылу желілерінің 54 % -ы ескіргені дәлелдейді, - дейді бас аудитор.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға