Жаңалықтар

Жылу энергетика кешеніне мемлекеттік аудит жүргізіледі

Жылу энергетика кешеніне мемлекеттік аудит жүргізіледі
Фото: armtorg.ru 06.03.2023 13:23 797

Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Президентке Жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған жұмыстары жөнінде есеп берілді.

2022 жылы барлығы 5 триллион теңге көлеміндегі бюджет қаржысы бойынша 124 нысанда 20 аудиторлық тексеріс жүргізілген.

Сонымен қатар Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары аудит органының осы жылға жоспарлаған аудиторлық және сараптамалық-талдау шаралары туралы мәлімет берді. Атап айтқанда, жылу энергетика кешенінде, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология және табиғи ресурстар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінде және басқа да мекемелерде аудит жүргізу көзделіп отыр.

Кездесу соңында Президент Жоғары аудиторлық палатаны одан әрі трансформациялау және мемлекеттік аудит жүйесін дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға