Жаңалықтар

Жылуға артық төлеген қазақстандықтардың ақшасы қайтарылады

Жылуға артық төлеген қазақстандықтардың ақшасы қайтарылады
Фото: Inbusiness.kz 01.08.2022 14:25 1829

Қазақстанның тұтынушыларына жылу үшін 489 млн теңгеден астам қаражат қайтарылады. Бұл туралы El.kz Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстанның барлық өңірлері бойынша жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу бойынша жұмыстар жүргізді.

«Жұмыс табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың нормаларына сәйкес жүргізілген болатын, оның қорытындысы бойынша қайта есептеу нәтижесінде жылу маусымында (2022-2023 жылдары) немесе күнтізбелік жыл үшін (2022 жылдың соңына дейін) қаражатты есептеуді қайтару халықтың жеке шотында көрсетіледі және аванс (сальдо) түріндегі жеке жолда жазылады.Өткен 2021-2022 жылдардағы жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі жылу энергиясының төлеміне ҚҚС-ты ескере отырыпжалпы сомасы489 950 250 теңгеге қайта есептеу жүргізген»,- делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға