Жаңалықтар

Жылдық инфляция баяулады

Жылдық инфляция баяулады
Фото: Ақорда 12.03.2024 10:43 2211

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2024 жылғы ақпанда жылдық инфляция 9,3% дейін баяулағанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство басшысы инфляция мен инфляциялық күтулердің төмендеуіне байланысты Ұлттық банк ақпанда базалық ставканы 14,75% дейін, яғни 50 базалық тармаққа төмендеткенін тілге тиек етті.

Сонымен бірге жылдық инфляцияның баяулау қарқыны азайғанын айта кеткен жөн. Ақпанда айлық инфляция орташа тарихи мәндерден жоғары қалыптасты. Маусымдық және әкімшілік факторлардан басқа нарықтық тауарлар мен қызметтер бағасы тез өсті. Қазіргі жағдайда ақша-кредит саясатын жұмсарту мүмкіндігі айтарлықтай шектеулі, - деді Ұлттық банк төрағасы.

Бұдан өзге Тимур Сүлейменов осы жылдың басынан зейнетақы активтері 18,4 триллион теңгеге дейін өскенін және инвестициялық табыс көлемі 351,1 миллиард теңгені құрағанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға