Жылдамдықты қайта асырғандарға 129 мың теңге айыппұл төленетіні еске салынды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
Қазақстанда орташа жылдамдықты асыру да кәдімгі жылдамдықты бұзу сияқты жауапкершілікке тартылады. Бұл талаптар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 592-бабымен реттеледі.
2026 жылы айыппұл мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуіне байланысты өзгерді. Қазіргі уақытта олар төмендегідей:
- 10–20 км/сағ – 5 АЕК (21 625 теңге);
- 20–40 км/сағ – 10 АЕК (43 250 теңге);
- 40–60 км/сағ – 20 АЕК (86 500 теңге);
- 60 км/сағ және одан жоғары – 40 АЕК (173 000 теңге).
Сонымен қатар, егер жүргізуші бір жыл ішінде қайтадан құқық бұзса, айыппұл мөлшері айтарлықтай өседі:
- 20–60 км/сағ қайта бұзса – 30 АЕК (129 750 теңге);
- 60 км/сағ және одан жоғары – 60 АЕК (259 500 теңге).
Мамандардың айтуынша, жылдамдықты шамадан тыс асыру – жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі. Сондықтан жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау ұсынылады.

