Жыл басынан жол апатынан 70-тен астам бала қаза тапты
Жыл басынан жол апатынан 70-тен астам бала қаза тапты. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтты, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
«Біз балаларға қауіпсіздік шараларын бағалауды үйренуге және өмірлік жағдайларда сенімді болуға көмектесуіміз керек. Жолдағы мінез-құлықты көбінесе бала ата-аналардың жүріс-тұрысынан алады. Сондықтан егер ата-аналар жол қауіпсіздігі ережелері туралы сөйлесіп қана қоймай, оларды өздері сақтаса, онда бала үшін бұл тәртіп нормасына айналады. Жыл басынан бері балалармен байланысты 1,2 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Одан 70-тен астам бала қаза тауып, 1,5 мыңға жуық жасөспірім жарақат алды», - деді ол.
Мәселен, оның дерегінше, 2022 жылғы 28 маусымда Қарағанды облысының аумағында, Нұра өзені арқылы өтетін көпірде Honda Odyssey автокөлігінің жүргізушісі басып озу кезінде қарсы бағытта келе жатқан Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан екі жүргізуші де қаза тапты. Сондай-ақ автокөліктердегі 9 жолаушы ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 7 бала бар.
«Сол күні Батыс Қазақстан облысының аумағында «Орал-Атырау» автокөлік жолында Nissan Almera автокөлігінің жүргізушісі аударылып кеткен. Нәтижесінде жүргізуші мен 2 жолаушы қаза тапты, оның біреуі бала», - деді инспектор.