Жаңалықтар

«Жыл волонтері» сыйлығына конкурс жарияланды

«Жыл волонтері» сыйлығына конкурс жарияланды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 25.07.2024 13:35 338

Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына конкурс жарияланғанын хабарлайды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, конкурс волонтерлік қозғалысты дамыту мен қолдауға, сондай-ақ әлеуметке және қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды, волонтерлік ұйымдарды ынталандыруға бағытталған.

Сыйлық адамдарға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау, білім беру мен мәдениетті дамыту, төтенше жағдайлардың дер кезінде шешімін табу және қоғамдық өмірдің басқа салаларында да жүйелі қызмет атқарған волонтерлер қауымдастығының ең белсенді өкілдерін анықтауға арналған. Сыйлық 15 номинация бойынша тағайындалады, - делінген мәліметте.

2024 жылғы 25 шілде мен 5 қыркүйек аралығында «Qazvolunteer.kz» сайтында құжаттарды қабылданады.

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындау қағидаларымен және қажетті құжаттар тізімімен «Qazvolunteer.kz» немесе www.adilet.kz (ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 339 және 2022 жылғы 2 қарашадағы № 481 бұйрықтары) сайттарынан танысуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға