Жаңалықтар

Жыл соңына дейін шетелден 24 млрд АҚШ доллары инвестицияланады

Экономикалық дипломатияны ілгерлету аясында жаңа жобалар қабылдануда
Жыл соңына дейін шетелден 24 млрд АҚШ доллары инвестицияланады
Фото: mnews.kz 22.12.2022 13:15 3633

2020 жылы жалпы әлемдік инвестиция ағыны 35 %-ға қысқарды. Халықаралық валюта қоры жаһандық экономикалық өсім 6%-дан 3,2%-ға дейін баяулайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Пандемия, қаңтар оқиғасы және геосаяси қақтығыстардың әсеріне елдегі инвестиция ағыны күрт төмендеген. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров жылдық қорытынды баяндамасында айтты.

«Қазіргі таңда шетелдік инвестиция арқасында 156 жоба іске асты. Жыл соңына дейін тағы 191 жоба өз соңына жетуі қажет. Мемлекет басшысы 7 жыл ішінде шетелдік инвестициядан 150 млн АҚШ долларын тартуды міндеттеген болатын. Соңғы статистикаға сәйкес Қазақстанға тікелей инвестиция құйып отырған топ үш мемлекет: Нидерланды, АҚШ және Швейцария. Жалпы 20 мемлекеттен тұрақты түрді инвестиция тартылып отырады», - дейді Алмас Айдаров.

Елге шетелдік инвестицияны тұрақты тарту үшін жыл сайын маусымның екінші бейсенбісінде инвесторлардың пленарлық сессиясын өткізу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, Ресейде қабылданған санкциялар нәтижесінде Қазақстанда 21 брендтік компаниялардың өндірісі ашылды.

«Халықаралық стандарттар бойынша дайындалған 70 инвестициялық ұсыныс бойынша жобалар іске асуда. Әлемдік деңгейдегі 364 өнеркәсіпті елімізде жарнамалаймыз. Алдағы уақытта әрқайсының филиалын ашу жоспарланып отыр. Бұл экономикалық өсімді еселендіреді», - дейді "KAZAKH
INVEST "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Руслан Ибраимов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға