Жаңалықтар

Жыл соңына дейін бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау қажет

Жыл соңына дейін бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау қажет
Фото: nalogikz.kz 19.12.2022 12:47 1983

Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын 2.0.2 нұсқасының хаттамасына қайта бағдарламалау қажеттігін еске салады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдейді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, модельдері БКМ мемлекеттік тізіліміне енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ-ді қолданатын БАРЛЫҚ жеке және заңды тұлғалар 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде барлық тіркелген БКМ-ді қайта бағдарламалау жөніндегі жұмыстарды аяқтауы қажет. 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2.0.2-ден басқа Хаттамаларға Фискалдық деректер операторлары (ФДО) қолдауын тоқтатады!

Осыған дейін салық төлеушілердің өтініштеріне байланысты деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау мерзімі 2022 жылғы 15 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін ұзартылған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға