Жаңалықтар

Жыл соңына дейін 13 мемлекеттік эталонды жаңғырту жоспарлануда

Эталондық база - тұрақты дамуды және жаңғыртуды талап ететін мемлекеттің даму деңгейінің стратегиялық көрсеткіші
Жыл соңына дейін 13 мемлекеттік эталонды жаңғырту жоспарлануда
Фото: el.kz 26.08.2022 18:23 1421

Эталондарды жаңғырту метрологиялық сипаттамаларды жақсартудан, яғни дәлдікті арттырудан, өлшемдердің ауқымдарын ұлғайтудан және бақыланатын өлшеу параметрлерін кеңейтуден тұрады, деп хабарлайды El.kz

«Сіз кейде біреудің сағаты озып, ал біреудікі қалып кетуіне байланысты, біздің неге уақыттан артта қалатынымызды ойладыңыз ба? Көлік, телекоммуникация және байланыс, ғарыш және навигация саласында, сондай-ақ метрологиялық қызметтер мен зертханаларға әрбір секунд маңызды, ал өз аспаптарымызды шетелде калибрлеу қымбат және тиімді емес. Сондықтан, мемлекеттік эталондарды жаңғырту Институттың басым міндеті болып табылады», - деп ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандарт ведомствосы хабарлайды.

Жалпы жаңғырту процесі бірнеше негізгі іс-шаралардан тұрады.

Бірінші - өнеркәсіп салалары мен өндірістің технологиялық деңгейін талдау, белгілі бір саланың техникалық деңгейі және тежеуші техникалық факторлары анықталады. Бұдан әрі табылған проблемалық мәселелерді шешу жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін, табылған шешім негізінде жаңа неғұрлым дәл жабдықты жарақтандыру немесе әзірлеу арқылы мемлекеттік эталондардың (елдегі ең дәл өлшеу аспаптары) техникалық параметрлерін жақсарту жүргізіледі.

Мемлекеттік эталондарды жаңғырту:

- ел ішіндегі өлшемдердің деңгейі мен сапасын арттыруға;

- метрологиялық тәуелсіздікке қол жеткізуге;

- өлшеу аспаптарын калибрлеу үшін ТМД елдеріне және жақын шетелге шығаруды азайтуға;

-шетелдік компаниялардың қызметтерін тасымалдауға және төлеуге бизнес-ортаның шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда төрт: уақыт пен жиілік, температура, электр кернеуі және жарық күші мемлекеттік эталондарын жаңғырту сәтті аяқталды, бұл да осы салалардағы өлшемдерді импорттаушылардың қызметтеріне тәуелділікті азайтуды қамтамасыз етті.

Ағымдағы жылдың соңына дейін мынадай өлшемдер салаларында тағы 13 мемлекеттік эталонды жаңғырту жоспарлануда:

- электр кедергісі;

- салыстырмалы ылғалдылық;

- радиожиілікті және микротолқынды өлшемдер;

- геометриялық;

- мұнай және мұнай өнімдерінің ылғал мөлшері;

- физика-химиялық өлшеулер;

- масса;

- сұйықтықтардың тығыздығы;

- электр кернеуі;

- күш;

- айнымалы электр тогы;

- газдық талдау.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға