Жаңалықтар

Жыл басындағы алғашқы үш айда қазақстандық қонақ үйлер 43 млрд теңге табыс тапты

Жыл басындағы алғашқы үш айда қазақстандық қонақ үйлер 43 млрд теңге табыс тапты
05.08.2023 16:53 1013

Жыл басталғалы бері алғашқы үш айда еліміздегі қонақүйлер 43 млрд теңгеден астам табыс тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе көп. Былтыр алғашқы тоқсанда еліміздегі орналастыру орындары 26,3 млрд теңгеге қызмет көрсеткен.
 
Қаңтар-наурыз аралығында орналастыру орындарына 228 мың шетелдік қонақ тоқтаған көрінеді. Айта кету керек, жыл басында Қазақстанда қонақ үйлердің саны 4 мыңға жетті. Олардың жалпы сыйымдылығы 203 мыңнан астам орынды құрайды.

Ішкі және шетелдік туристер санының артуына байланысты қонақ үй қызметінің көлемі де ұлғайды. Мәселен, биыл жаз басталғалы елімізге келген шетелдіктердің жалпы саны 3 есе артты. Атап айтқанда, Қытайдан - 8,5 есе, Үндістаннан - 4,7 есе, Оңтүстік Кореядан - 3,8 есе, Ираннан - 3,8 есе, Германиядан - 3 есе, АҚШ-тан - 2,2 есе артып отыр,- деді мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға