Жаңалықтар

Жыл басынан бері терроризмді насихаттау ісі бойынша 31 адам ұсталды

Жыл басынан бері терроризмді насихаттау ісі бойынша 31 адам ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 15.06.2023 09:26 923

Қазақстанда жыл басынан бері терроризмді насихаттау фактісі бойынша 31 адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, жыл басталғаны сот органдары аталған фактілер бойынша тағы да 10 адамды әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырды.  

Мысалы, Атырау облысының тұрғыны терроризмді насихаттау фактісі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу барысында оның белсенді түрде дін ұстанушылар арасында радикалды идеологияны таратқаны және еліміздің азаматтарына қатысты зорлық іс-әрекеттер жасауға үгіттегені дәлелденді, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты халықаралық террористік ұйымдардың уағызшыларының ықпалына түскен Шымкент қаласының 2 тұрғынын 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Тергеу барысында олардың әлеуметтік желілер арқылы терроризм идеологиясын насихаттағандары, сонымен қатар террористік тұрғыдан белсенді аймақтарға жету үшін шетелдік содырлармен байланыс орнатпақ болғандары анықталды, - делінген.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға