Жаңалықтар

Жыл басынан бері СҚО-да 35 адамның атынан алаяқтар несие рәсімдеген

Жыл басынан бері СҚО-да 35 адамның атынан алаяқтар несие рәсімдеген
Фото: © Polisia.kz 06.07.2023 05:25 1033

Жыл басынан бері СҚО-ның 35 тұрғынының атына алаяқтар несие рәсімдеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz алаяқтардың құрбаны болмас үшін құпия деректерін құпия ұстау керектігін үнемі еске салды. Сәуір айында Петропавл қаласының 28 жастағы тұрғыны микроқаржы ұйымдарынан несиелер бойынша берешекті өтеу керектігі туралы хабарлама ала бастайды. Анықталғандай, белгісіз тұлға оның атына 100 мың теңгеден екі қарыз рәсімдеген екен. Бойжеткен қыз бірден полицияға арызбен жүгінді.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 10-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, оның санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Жедел уәкілдермен наурыз айының басында жәбірленуші телефонын құрбысына уақытша пайдалануға бергендігін анықтады. Сондай-ақ жәбірленушінің телефонында құрбысының жеке куәлігінің фотосуреті сақталып, Google есептік жазбасына кіру мүмкіндігі ашық екендігі білгілі болды. Қылмыс жасады деген күдікпен құрбысының 26 жастағы күйеуі Петропавл тұрғыны анықталды. Жәбірленуші келтірілген залалды толығымен өтеді.

Тағы да адамдарға өздерінің құпия деректеріне, құрылғылардың құпия сөздеріне, банк карталарына кіру кодтарына, соның ішінде SMS арқылы келетін бір реттік кодтарға, сондай-ақ банк карталарының артқы жағындағы cvv кодтарына ешкімге бермеуді сұраймыз. Бұл деректерді интернет алаяқтар пайдалана алады. Жыл басынан бері облыста барлығы 342 интернет-алаяқтық тіркелді, оның 35-і басқа тұлғаға несие ресімдеу арқылы. Барлық жағдайда дерлік күдіктілер мобильді құрылғыларға және жәбірленушілердің жеке деректеріне қол жеткізе алды, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығы Марат Жұмалиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға