Жаңалықтар

Жыл басынан бері Қазақстан азаматтарына қанша зейнетақы төленді

Жыл басынан бері Қазақстан азаматтарына қанша зейнетақы төленді
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 16.10.2024 11:24 379

Жыл басынан бері қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 2 трлн 803 млрд теңгеге зейнетақы төленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Еңбек министрлігі елдегі зейнеткерлер саны мен зейнетақының орташа мөлшері туралы дәстүрлі шолу жасады.

2024 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келесідей ақпарат берді. Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 803 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 882,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 920,2 млрд теңге қарастырылды.

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 413 мың адам.

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 810 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 211 теңге, базалық зейнетақы – 42 599 теңге. 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әрбір алушыға жеке тағайындалады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға