Жаңалықтар

Жыл басынан бері патрульдік полиция қызметкерлері судан 9 азаматты құтқарды

Жыл басынан бері патрульдік полиция қызметкерлері судан 9 азаматты құтқарды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 06.06.2023 11:14 1251

Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жазғы кезеңде адамдардың жаппай демалатын орындарында нарядтардың саны көбейтілгенін, қоғамдық, демалыс және шомылу орындарында балалардың жүріс-тұрысы туралы ережелер білім ұйымдарына жолданғанын атап өтті.

Биыл құтқару қызметтерімен, әкімдіктермен және волонтерлермен 10 мыңнан астам рейд пен патруль жүргізілді. Әкімшілік жауапкершілікке тыйым салынған орындарда шомылғаны үшін 240 адам және қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішкені үшін 192 адам тартылды, – деді министр.

Жыл басынан бері патрульдік полиция қызметкерлері судан 9 азаматты құтқарды. Күні кеше Қызылорда облысының Жалағаш ауданының жергілікті полиция бөлімінің бастығы майор Әбдіраманов суға батып бара жатқан студентті ерлікпен құтқарып қалған. Бейнероликке түсіп қалған құтқарушы желіге кеңінен таралып кеткен көрінеді.

Бұл жөнінде премьер-министр Әлихан Смайылов баланы құтқарып қалған Ержан Әбдірамановтің ерлігін ерекше атап көру керектігін айтты. Ол мұндай жандарды көпшілікке үлгі етіп, ынталандыру қажет екендігін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға