Жаңалықтар

Жыл басынан бері есірткі тасымалдаған 30 жасөспірім ұсталды - ІІМ

Жыл басынан бері есірткі тасымалдаған 30 жасөспірім ұсталды - ІІМ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 05.08.2024 18:15 341

Биыл есірткі тасымалдағаны үшін кәмелетке толмаған 30 жасөспірім ұсталды. ҚР ІІМ осыған байланысты ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство ата-аналарды балаларының уақытын және пайдаланатын интернет-ресурстарды бақылауға шақырды. Себебі жасөспірімдер кейде өз әрекеттерінің салдарын білмей, оңай ақша табудың тұзағына түсіп жатады.

Бір қарағанда, бұл зиянсыз граффити сызбасына ұқсайды. Шын мәнінде әлеуметтік желі арқылы есірткі сатып алуға болатын танымал арнаның жарнамасы болуы ықтимал.

Күмән тудыратын чаттар, геолокациялары бар белгілер, орындардың әртүрлі фотосуреттері мен үйлердің қабырғаларындағы түрлі сызбаларға назар аударыңыз, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар министрлік дәрі-дәрмектер, фольга, шыны түтікшелер және басқа да қаптамаларға зер салуды сұрайды. Өйткені мұның бәрі есірткі тұтынуға арналған құрал болуы мүмкін екендігін айтады.

Шамадан тыс ақша көрсеңіз, оның қайдан келгенін ойлаңыз. Балаңызды салауатты өмір салтына баулып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіз, - деп қосты ІІМ өкілдері.



Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға