Жаңалықтар

Жыл басынан бері елде азық-түлік бағасы 3,4% өскен

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды
Жыл басынан бері елде азық-түлік бағасы 3,4% өскен
Фото: sn.kz 07.02.2023 10:28 1729
Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.
 
Биылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша инфляция 1,1%, азық-түлік 1,4%, азық-түлік емес 0,9%, ақылы қызметтер 0,7% құраған.
 
«Азық-түлік инфляциясының ең жоғары деңгейі Астана мен Шымкент қалаларында 2,2% пайызды құрады. Қызылорда мен Солтүстік Қазақстан облысында 1,8%, Ақтөбе облысында 1,7%, Ұлытау облысында 1,5% құрады. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың индексі жыл басынан бері 1,7% болды», - деді министр.
 
Жыл басынан бері ең жоғары өсу қарқыны Маңғыстау облысында 3,4%, Ұлытау облысында 2,8% және Астана қаласында 2,5% байқалды.
 
Тауарлар бөлінісінде жыл басынан бері пиязға – 22,5%, күріш – 5,2%, қырыққабат – 4,1%, сүт және сәбіз – 3,1%, картоп – 3% және рошки – 2,5% құрды.
 
«Маңғыстау облысы бағаның өсуі бойынша көшбасшы болып табылады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттеу жөніндегі шараларды талдау барысында бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруға көзделген 3,6 млрд теңгенің тек 2 млрд теңгесі іске қосылмағаны анықталды», - деді министр.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға