Жаңалықтар

Жыл басынан бері Алматы облысында алтыншы есірткі лабораториясы жойылды

Жыл басынан бері Алматы облысында алтыншы есірткі лабораториясы жойылды
Фото: Polisia.kz 27.04.2024 01:04 895

Алматы облысының полицейлері жыл басынан бері алтыншы есірткі лабораториясын жойды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

полицейлер облыстың саяжай алаптарының бірінде Honda Odyssey автокөлігін тоқтатқан. Тінту барысында көлік салонында мефедрон психотроптық затының шамамен бір килограмм аналогтары табылған.

Полиция күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізген. Осыдан бір ай бұрын Жамбыл ауданының аумағындағы саяжай үйлерінің бірінде ер адам есірткі лабораториясын ұйымдастырып, 5 кг жуық аталған затты өндіріп үлгергені белгілі болды. Тінту кезінде есірткі жасауға қажетті реактивтер, ыдыстар мен заттар тәркіленді.

Тергеу мен жедел уәкілдердің айтуынша, есірткі мегаполис аумағында сатуға арналған. Осылайша, Алматы көшелеріне 360 миллион теңгеден астам сомаға психотроптық заттардың ең мықты аналогтарының 20 мыңға жуық дозасының таралуына жол берілмеді, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.

Есірткі заттарын заңсыз дайындау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға