Жаңалықтар

Жыл басынан бері алаяқтықтан 36 мыңнан аса адам зардап шекті

Жыл басынан бері алаяқтықтан 36 мыңнан аса адам зардап шекті
Фото: © Polisia.kz 10.10.2023 11:02 1013

Жыл басынан бері алаяқтықтан 36 мыңнан аса адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, Қазақстанда 2023 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша алаяқтықтың төмендеуі байқалып отыр. Жалпы тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтардан алаяқтықтың үлесі – 30%.

Аймақ бойынша ең көп алаяқтық:

  • Алматы қаласында (6 мың 742),
  • Астана қаласында (5 мың 358),
  • Қарағанды облысында (2 мың 590),
  • Шымкент қаласында (1 мың 921),
  • Алматы (1 мың 836),
  • Ақтөбе (1 мың 334),
  • Атырау (1 мың 319),
  • Қостанай (1 мың 311),
  • Павлодар (1 мың 244),
  • Шығыс Қазақстан (1 мың 243) облыстарында тіркелген.

Алаяқтық әрекеттердің салдарынан 34 мың 623 адам зардап шекті, оның ішінде:

  • ерлер – 15 мың 603,
  • әйелдер – 19 мың 20.
  • кәмелетке толмағандар – 102,
  • мектеп, гимназия, лицей, колледж, жоғарғы оқу орындарында оқитындар – 291,
  • зейнеткерлер – 1 мың 714,
  • мүгедектер – 8.

Интернет-алаяқтық фактілері 1,5% төмендеді. Еліміз бойынша барлығы 15 мың 616 (15 848) осындай қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген.

Ақша қаражатын қарызға алу арқылы алаяқтық 73% төмендеді. Барлығы 24 (89) факт кездескен. Төлем карталарын пайдалану арқылы жасалған алаяқтық фактілері бойынша да төмендеу байқалады. Барлығы 197 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% аз. Жер құқықығы қатынастары саласында барлығы 3 факті тіркелген және оның барлығы Алматы облысында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға