Жаңалықтар

Жыл басынан бері Абай облысында жол апатынан қайтыс болғандар саны отызға жуықтады

Жыл басынан бері Абай облысында жол апатынан қайтыс болғандар саны отызға жуықтады
Фото: ІІМ баспасөз қызметі 28.06.2023 15:24 951

Абай облысында 2023 жыл басынан бері жол апатынан 24 адам бақилық болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірдің полиция департаменті баспасөз қызметі өңір бойынша биыл 145 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін ресми мәлімдеді. Апат кесірінен 24 адам көз жұмып, 201 адам жарақат алған. 2023 жылдың басынан бері 51 жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткені де анықталып отыр.

Семей қаласында көлік қағып кеткен 5 жаяу жүргінші мерт болған. Қайғылы оқиғалардың басты себебі – тұрғындардың жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтуі және көліктердің жылдамдық режимін сақтамауы. Адамдар жолдан өтерде тіпті айналасына қарамай-ақ жүгіріп шығады. Жүргізуші көлік жылдамдығын тежеп үлгере алмай қалуы мүмкін, - деп жазылған Абай облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан ақрпаратта. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға