Жаңалықтар

Жыл басынан бері 734 мың адам жұмыспен қамтылған

Жыл басынан бері 734 мың адам жұмыспен қамтылған
Фото: t.me/KZgovernment 17.10.2023 10:33 934

Биыл 734 мың адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында биыл 947 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту көзделген.

9 айдың қорытындысына орай жалпы 734 мың адам жұмысқа тартылды, бұл жылдық көрсеткіштің 77 пайызын құрап отыр. Олардың ішінде жастардың үлесі 50 пайызға жетіп отыр. Енді жұмыспен қамту шараларының бағыттарына жеке тоқтала кетсек. Біріншіден – Ұлттық жобалардың аясында ашылған 45 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Жұмыс орындарының басым көпшілігі «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» (13 098), «Кәсіпкерлікті дамыту» (11 849), «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» (6 354) Ұлттық жобалары аясында ашылуда. Бүгінде Ұлттық жобалар аясында жұмысқа орналасқан азаматтардың 45%-ы (20 573 адам) жастар және 1 961 адам мүгедектігі бар азаматтардың қатарында, - деді Светлана Жақыпова.

Министрдің сөзінше, жыл басынан бері 228,7 мың адам жұмыс берушілермен жарияланған бос жұмыс орындарына орналастырылды. Олардың 62 пайызы ауыл және балық шаруашылығы, құрылыс және өндіріс, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету салаларында жұмыспен қамтылып отыр. Тұрақты жұмысқа орналасқан азаматтардың 46 пайызы жастар. 

Жалпы жұмыспен қамтылған азаматтардың 50 пайызы (365,8 мыңы) 35 жасқа дейінгі жастар. Жасалып жатқан жұмыс нәтижесінде жұмыспен қамтылған азаматтардың 67 пайызының (490 мың) отбасы құрамында кемінде бір адам жұмыс істей бастады, 244 мың азаматтың отбасы құрамында екі және одан да көп адам жұмыс істеуге мүмкіндік алған, - деді министр.

Жұмыспен қамтылған азаматтардың 51 пайызы - ауыл тұрғындары.

Ақпарат ретінде:

- 490,1 мың – отбасында 1 адам жұмыс істейді;

- 171,4 мың – отбасында 2 адам жұмыс істейді;

- 51,4 мың – отбасында 3 адам жұмыс істейді;

- 21,3 мың – отбасында 4 және одан да көп адам жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға