Жыл басынан бері 5 мыңнан астан қазақстандық Өзбекстанға ем іздеп барған
08.10.2025 04:29
Фото:
Ашық дереккөзден
2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында Өзбекстанға бес мыңнан астам қазақстандық азаматтар емделуге барған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өзбекстанның Ұлттық статистика комитетінің деректеріне сәйкес, аталған уақыт аралығында емделу мақсатында 62 054 шетел азаматы келген көрінеді.
Бұл кезеңде Өзбекстанға ем іздеп барғандардың басым бөлігі Тәжікстаннан – 44 209 адам. Одан кейінгі орындарда Қырғызстаннан – 10 427, Қазақстаннан – 5 483 азамат тіркелген. Бұдан бөлек, Ресейден – 1 280, Ауғанстаннан – 343, Түрікменстаннан – 204, Түркиядан – 31, АҚШ-тан – 11, Қытайдан – 10, Украинадан – 9 адам келген. Сондай-ақ, басқа елдерден барлығы 47 адам тіркелді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

