Жаңалықтар

Жыл басынан бері 122 орман өрті тіркелді - ТЖМ

Жыл басынан бері 122 орман өрті тіркелді - ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі 16.05.2023 23:25 980

Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Үкімет отырысында өрт қауіпті кезеңге дайындық туралы сөз сөйледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Елімізде жыл сайын мыңға жуық орман және дала өрттері, сондай-ақ халыққа, мүлікке және табиғатқа қауіп төндіретін төрт мыңдай табиғи жану оқиғалары тіркеледі. Өткен жылдың табиғи өрттері өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың ықтимал теріс салдарының ауырлығын көрсетті.

Қазгидрометтің болжамды деректері бойынша алдағы өрт қауіпті кезеңде температура орташа алғанда +25ºС, республиканың оңтүстік, шығыс, батыс бөлігінде температураның +30ºС дейін жоғарлайтыны болжанады.

Жыл басынан бері 122 орман өрті тіркелді, өрттің жалпы ауданы 19 мың гектардан астам,-деп атап өтті Ибрагим Күлшімбаев.

Дала алқаптарында да осындай жағдай қалыптасуда. Мәселен, өткен жылы 111 дала өрті тіркеліп, өрт өткен алаң 55 мың гектарды құрады.

Биыл өрт қауіпті кезең басталғаннан бері екі дала өрті тіркелді, олардың ауданы 780 гектар және 605 дала өрті, олардың жалпыауданы 2 503 гектарды құрады.

Өңірлердегі температуралық фонның ұлғаюы және екпінді желдің салдарынан өрттердің тез дамуы тұрғын үй секторында өрт жағдайын нашарлататынын айта кету керек.

Құрғақ шөптің жануы тұрғын және саяжай үйлеріне ауысуының 14 жағдайы тіркелді.

Ибрагим Күлшімбаев бүгінгі таңда өңірлер профилактикалық іс-шараларын іске асыруға кіріскендігін тілге тиек етті. Өртке қарсы қызмет қызметкерлері шаруа қожалықтарын аралауды жаңғыртып, нұсқамалар өткізіп, ұлттық парктер мен табиғи қорықтарға және өрт сөндіру құралдары тексеріп, алдын алу шараларын түсіндіруді жүргізді.

Табиғи өрттердің себептерін талдау көрсеткендей, жанудың шамамен 40%-ы табиғи құбылыстардан болады, ал 50%-дан астамы - адам әрекетінің нәтижесі.

Өз сөзінің соңында вице-министр өрт қауіпті кезең жалғасып жатқанын атап өтті. Осыған байланысты ТЖМ, полиция және әкімдіктер алдында халықтың және ауыл шаруашылығы ұйымдарының өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын бақылауды күшейту мәселесі басты мақсатта тұр. Азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін және жауапкершілік шараларын сақтау қажеттілігі туралы кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға