Жүзу: Əділбек Мусин əлем чемпионатының жартылай финалына шықты
28.07.2023 17:31
Фото:
Спортты дамыту дирекциясы
Отандасымыз Əділбек Мусин Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан жүзуден əлем чемпионатында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Ол 100 метрге баттерфляй əдісімен жүзуде жалпы 14-нəтиже көрсетті. Осылайша, Əділбек осы қашықтықтағы Қазақстан рекордын тіркеп, күзде Ханчжоуда өтетін Азия ойындарына, келесі жылғы Париж Олимпиадасына жолдама (баттерфляй, 100 м) алды.
Жартылай финал жарыстары бүгін сағат 17:09-да басталады. Су спорты түрлерінен бəсекені Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

