Жүсіпов 11 рет жеңілген Никарагуа боксшысынан 5 раундта басым түсті
27.08.2023 10:46
Фото:
gettyimages.com
Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов (3-0, 2 КО) Талста (США, штат Оклахома) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Отандасымыз бокс кешінде Никарагуа спортшысы Уистон Кампостен шаршы алаңға шығып, кездесудің 5-ші раундында техникалық нокаутпен жеңді.
Қарағандылық боксшы кәсіпқой бокстағы жолында осымен 4-ші рет жеңіске жетіп отыр. Ал Орталық Америка бокшысы кәсіби рингте 12-ші рет жеңіліс тапты.
Абылайхан Жүсіпов 2021 жылдың соңына дейін әуесқой бокста өнер көрсетті. Ол Ұлттық құрама сапында жүріп, екі Олимпиада Ойындарында сынға түскен. Сонымен бірге, әлем чемпионаттарының үш мәрте жүлдегері. 2017 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

