Жаңалықтар

«Жусан операциясы» бойынша тағы бес қазақстандық құтқарылды

«Жусан операциясы» бойынша тағы бес қазақстандық құтқарылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 05.06.2023 19:14 763

«Жусан операциясы» бойынша 4 баласы бар тағы бір қазақстандық Сириядан елге жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл ақпаратты растады.

Иә, растаймыз. Бұл бірнеше күн бұрын болды және олар қазір Қазақстанға жеткізілді. Қазіргі уақытта олармен психологтар жұмыс істеп жатыр. Мұның бәрі «Жусан» операциясының аясында. Қазақстан Сирия аумағынан азаматтарын эвакуациялауды жалғастыруда, - деп жауап берді Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі Сириядан 104 адамның отанына оралғаны туралы хабарлаған еді. Сол рейспен Қазақстан тарапының өтініші бойынша Сириядан Тәжікстанға ҚР 5 азаматы жеткізілгені белгілі болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға