Жұрқамырза Шүкірбеков Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
07.09.2024 23:01
Фото:
ҰОК
Франция астанасы Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан командасының өкілдері тоғызыншы медальға қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жұрқамырза Шүкірбеков Париж-2024 Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.
Ол пара дзюдодан 90 келі салмақта сынға түсіп (J2 санаты), тұғырдың үшінші сатысына көтерілді. Кіші финалда Шүкірбеков франциялық Насер Зорганиді иппон ұпайымен жеңді.
Айта кетелік, турнир барысында қазақстандық спортшы Бразилия өкілін жеңіп, жартылай финалда грузиялық қарсыласына есе жіберген болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

