Жаңалықтар

Журналистерге шабуыл жасаған адам ұсталды

Журналистерге шабуыл жасаған адам ұсталды
Фото: polisia.kz 04.03.2023 16:25 1063

Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

ІІМ мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобы редакциялар мен БАҚ өкілдеріне жасалған шабуылдар дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда.

Журналистерге жасалған шабуылдарды ұйымдастырушы және бастамашы Қазақстан азаматы Клебанов (Маневич) Аркадий Сергеевич екені анықталды.

Ол ұсталды және соттың рұқсатымен қамауға алынды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға