Жаңалықтар

Журналистердің жалақысы көбеймей, мәртебесі өспейді - депутат

Журналистердің жалақысы көбеймей, мәртебесі өспейді - депутат
Фото: parlam.kz 19.06.2023 15:07 2183

Депутат Жарқынбек Амантайұлы журналистердің әлеуметтік жағдайын арттырмай, мәртебесі көтерілмейтінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Газет басылымдары жайлы айтылып жатыр. Мынау үлкен мегаполистерде журналистердің жағдайының қандай екенін білмеймін, бірақ өңірлердегі басылымдарда күндіз-түні елдің мәселесін көтеріп «жегені жантақ» болып жүрген журналистердің әлеуметтік қай топқа жататындығы белгісіз. Тіпті үйдің кезегіне де тұра алмайды. Көп кедергі бар. Өздері мемлекеттік бағдарламаны және мемлекеттің қолданып отырғанын саясатын халыққа күнделікті жеткізіп, талмай еңбек етеді. Бірақ осындай мүмкіндіктерге ие емес. Аталған заң жобасында олардың жағдайын арттырып, қамқорлық танытатын жерін көрмей отырмыз. Одан өзге кем-кетіктерін әріптестеріміз атап өтті. Біз мұны қабылдағаннан кейін осы мәселеге қайта орала аламыз ба?, – деді депутат. 

Бұл мәселеге қатысты ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов бүгінгі таңда ақпарат құралдарының 85 пайызы тәуелсіз, қалған 15 пайызы мемлекеттің үлесі бар ақпарат құралдары екенін айтты.

Мемлекетке қарайтын БАҚ өкілдерінің жалақысы өте аз оны білеміз. Кез келген атқарушы орган ақпараттық тапсырыс жасағанда осы тарифті көтеруге толық мүмкіндігі бар. Алайда кейбір өңірлік баспалардың сапасы сын көтермейді. Оны ешкім оқымайды. Ақпарат өте кеш шығады. Сондықтан әлеуметтік жағынан кірісті көбейту үшін сапа маңызды», – деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға