Журналистердің арасында да салафизм мен уахабизмді жақтайтындар жеткілікті – Бәпи
21.06.2024 14:06
Фото:
istockphoto.com
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи қоғамдық орындарда хиджаб киюге тыйым салу туралы пікіріне қарсылық танытқандарға қатысты жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ата-аналар баласының басына хиджаб кигіземін деп мектепке апармай ұрпағын қараңғы қалдырады. Бұл надандық. Мұндай мәселені журналистер де күшейтіп жатқанын білемін. Журналистердің арасында да салафизм мен уахабизмді жақтайтындар жеткілікті. Сол саладағы ресурстар бар. Олар қазіргі қоғамдағы мәселені ушықтырып жатыр, - деді Бәпи.
Айта кетейік, өткен аптада Ермұрат Бәпи елімізде діни киім киюге тыйым салынатынын айтып, депутаттар арнайы заң жобасын дайындап жатқанын жеткізді. Депутаттың осы мәлімдемесінен кейін желіде түрлі пікірлер тараған болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

