Жаңалықтар

Журналистерді сыни ойлау, саралау тәсілдерін үйренуге шақыруымыз керек - Марат Тағаев

Журналистерді сыни ойлау, саралау тәсілдерін үйренуге шақыруымыз керек - Марат Тағаев
Фото: © El.kz 16.04.2025 12:05 365

Қырғыз Республикасы Мәдениет ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Марат Тағаев II Орталық Азия медиафорумында жалған ақпаратпен күрес туралы мәселені қозғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Марат Тағаевтың айтуынша, Орталық Азия мемлекеттерінің ынтымақтастығы – болашақты, мәдениетті дамытудың бір жолы болып есептеледі.

Сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету процесі – мемлекеттердің ынтымақтастығың арқасында көрсетілетін нәтиже. Әрине, беріліп жатқан ақпараттар елімізге белгілі бір әсерін тигізері анық. Әрдайым ақпарат жіберген кезде өзіміздің тарихымызды еске алып, жақсы құндылықтарды дәріптеуіміз тиіс, - деді ол.

Министрдің орынбасарының сөзінше, жалған ақпаратты таратудың алдын алу маңызды.

Қырғыз Республикасының заңнамасы жалған ақпараттармен күресу жауапкершілігін айқындайды. Жалған ақпараттарды таратудың алдын алады. Бұқаралық ақпарат құралдары өздері таратқан контентке өздері жауап беруі тиіс. Журналистерді сыни ойлау, саралау тәсілдерін үйренуге шақыруымыз керек. Сонда ғана біз жалған ақпараттардың таралуына жол бермейміз, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға