Журналистер күніне орай Астанада арнайы көрме ашылды
28.06.2023 10:19
Фото:
facebool.com/darhan qydyráli
БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі күні қарсаңында Астанадағы Ұлттық музейде қазақ журналистикасына арналған көрмесі ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы еліміздің ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі жазба жариялады.
Бүгін мереке қарсаңында Ұлттық музейде қазақ журналистикасының тарихына арналған көрме ашылып отыр. Жаңа көрмеде қазақ баспасөзінің шежіресін баяндайтын тарихи жәдігерлер мен құнды деректер топтастырылған. Бастауын Алаш қайраткерлерінен алатын қазақ журналистикасы өзінің қалыптасу кезеңінен бүгінге дейін қашанда ұлттың ұраншысы, елдік сананың сәулетшісі бола білді. Бүгінде «Мылтықсыз майдан» аталатын ақпараттық әлемде журналистеріміз ел мүддесі жолында қажырлы қызмет атқарып, жақсылықтың жаршысы болып, абыройлы еңбек етіп келе жатқаны баршаға мәлім. Мәдениет министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған көрмеге арнайы келген ардагер аға-апаларымызға, журналистер мен зиялы қауым өкілдеріне ризашылық білдіремін, - деді Дархан Қыдырәлі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

