Жаңалықтар

Журналист үшін 5 кеңес

Тележүргізуші Ақсәуле Әлжаннан 5 кеңес
Журналист үшін 5 кеңес
05.01.2017 17:45 6461

  • Кітап оқыңыз. Өте көп оқыңыз. Тарих, әдебиет, өнер, геосаясат, экономика, психология, түрлі тақырыптарда. Барлығы керек болады. Эрудиция - журналист үшін маңызды қасиет. Ал егер ана тілімізде оқысаңыз, оның үстіне, тіл де байи түседі. Өзге БАҚ оқыңыз. Түрлі аналитикалық журналдар, сайттар, шетелдік ақпарат құралдары не туралы жазып жатқанынан хабардар болыңыз.

  • Адамдармен танысуға, араласуға асық болыңыз. Бейтаныс адамның қасына барып, сөйлесуден қымсынбаңыз. «Жұлдыз» көрсеңіз де дәл солай әрекет етіңіз. Біріншіден, олар сіздің болашақ материалдарыңыздың кейіпкері болуы мүмкін. Олай болмаса, өзге кейіпкерлерді ұсынуға мұрындық болуы мүмкін. Неғұрлым көп адамды танисыз, олармен араласасыз, соғұрлым сіздің кәсіби құныңыз арта түседі.

  • Түрлі мамандар, сарапшылар, ұйымдар, т.б. телефондары жазылған «База данных» тізімін өмір бойы толықтырып жүріңіз. Біреудің жеке телефонын білсеңіз, сол тізімді жаңартып отыруды ұмытпаңыз. Ертең сіз жұмыс орныңызды ауыстыра қалған жағдайда жаңа ұжымға өзіңізді тек ең жақсы, кәсіби тұрғыдан көрсетуге көмек болады. Мұндай тізімді дұрыс құрастыра білсеңіз, ол ертең ақшаға да сатпайтын қымбат мүлікке айналады.

  • Тележурналист болғысы келетін іні-қарындастарыма, сонымен бірге өзінің сыртқы келбетіне да назар аударуға кеңес берер едім. Ащы шындық - егер сізде артық салмақ, безеу бет секілді кемшін тұстар болса, экранға шығуыңыз екіталай. Көрермен эфирден жинақы, әдемі адамды көргісі келеді.

  • Ешқашан салың суға кетпесін. Әлемдегі «мен» деген журналистика жұлдыздары жетістікке жеткенше, «жоқ» деген сөзді өте көп естігенін еске саламын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға