Журналист тікелей эфир кезінде қыз баланың мәйітін тауып алды
Бразилияда журналист 13 жасар қыздың із-түзсіз жоғалуына байланысты репортаж түсіруге барған. Түсірілім кезінде ол кенеттен қыз баланың мәйітін тауып алған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
The Sun басылымының хабарлауынша, Бразилияда журналист репортаж жасап жатқанда қыздың денесін тауып алған. 13 жасар қыз маусым айында достарымен бірге өзенге барған кезде жоғалып кеткен. Түсірілім тобы дәл сол жерге барған.
Журналист Ленилдо Фразао суға кірген кезде түбінде бірдеңені сезген. Ол:
Меніңше, судың түбінде бір нәрсе бар секілді. Жоқ, мен ары қарай бара алмаймын, қорқып тұрмын, – деді.
Осыдан кейін оқиға орнына сүңгуірлер келіп, аумақты зерттеген. Нәтижесінде олар жоғалып кеткен мектеп оқушысының денесін тапқан.
Негізі іздеу жұмыстары қыз жоғалған күні-ақ басталғанымен, өзен ағысының қатты болуы және терең шұңқырлардың көптігі жұмысты қиындатқан.

