Журналист Михаил Козачков екі айға қамауға алынды
Фото: facebook.com/mikhail.kozachkov
Фото: facebook.com/mikhail.kozachkov
20.12.2022 19:27
1569
Алматының Тергеу соты журналист Михаил Козачковты екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Тергеу сотының қаулысымен тергеу органдарының 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни, 2023 жылдың 18 ақпанына дейін»,- делінген сот хабарламасында.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу құпия түрде жүзеге асырылғандықтан, тергеп-тексеруге қатысты өзге де мәліметтер жарияланбайды.
Еске салсақ, бұған дейін журналист Михаил Козачков ұйымдасқан қылмыстық топқа көмектескен деген күдікпен ұсталғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Ақорда Михаил Козачковтың ісі ҚР заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін хабарлады. Бас прокуратура да бұл іске қатысты пікір білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада Маңғыстау суретшілерінің көрмесі өтті