Жаңалықтар

Жүргізушілерге медициналық құжат электронды түрде беріледі

Жүргізушілерге медициналық құжат электронды түрде беріледі
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 01.09.2023 14:52 706

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі "Республикалық медициналық институт" ЖШС қатысуымен жүргізушілердің психоактивті затты пайдалану фактісі мен мас күйін медициналық куәландыруды электрондық форматқа көшіру жөніндегі жобаны іске асырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімімен электрондық форматтағы деректерді алмасуды және құқық қорғау органдары мен медициналық мекемелердің арасындағы ақпаратты синхрондауды қамтиды.

Жүйелерді интеграциялау медициналық куәландыруға жіберу және медициналық куәландыру актісін алу жоспарында қағазсыз құжат айналымын іске асыруға мүмкіндік береді.

Пилоттық жоба Павлодар облысында іске қосылды, оның шеңберінде 2000-нан астам электрондық бағыттар мен медициналық куәландырудың электрондық актілері қалыптастырылды.

Бүгінгі таңда жобаның пилоттық кезеңіне Алматы, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары да дайын. Алдағы уақытта еліміздің барлық өңірлерінің қатысуы жоспарлануда.

Бұдан басқа, жол-көлік оқиғалары кезінде Еуропалық хаттаманы алдағы уақытта енгізу шеңберінде сақтандыру жағдайларын ресімдеу кезінде деректерді алмасу үшін Мемлекеттік кредиттік бюроның сервистерімен медициналық куәландырудың электрондық жүйесін интеграциялау жүзеге асырылды.

Интеграция әкімшілік процестерді цифрландырудың маңызды қадамы болып табылады, бұл деректерді алмасу уақытын қысқартуға, ашықтықты қамтамасыз етуге және жүргізушілерді медициналық куәландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайтуға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға