t.me/ru2ch

Жүргізуші куәлігін қажет етпейтін көлік пайда болды

Бұл көлікті жүргізу үшін жүргізуші куәлігі қажет емес, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Швейцария Microlino Lite деп алатын электромобильді көпшілік назарына ұсынды. Бұл темір тұлпарға екі адам ғана сыяды және жылдамдықты сағатына 45 шақырымға дейін ғана арттыруға болады. Көлікті 14 жастан бастап басқаруға рұқсат беріледі.

Жүргізуші куәлігін қажет етпейтін көлік пайда болды

Сурет: t.me/ru2ch

Еуропада бұл көлік түрі өзінің көлемі мен қозғалтқышына байланысты мопед ретінде саналады: ұзындығы 2,5 метрді, ені 1,47 метрді және бойы 1,5 метрді құраса, ал қуаты – 6 кВт.

Жүргізуші куәлігін қажет етпейтін көлік пайда болды

Сурет: t.me/ru2ch

Мұндай көлікті ұзақ мерзімге жалға алу құны шамамен 75 мың теңгедей болады. Ал сатып алу құны 8 млн теңгеден асады.