30 Қазан 2025, 21:00
Жүректен кететін футболшылар көбейді | Энергетиктер өлімге әкеле ме?
«Хан Тәңірі» футболшысы Диас Төлеудің өлімі футбол әлемін дүрсілкіндірді. Өрімдей жастың жүрегі тоқтап қалған. Футболшылар арасында жүрек ауруы неліктен көбейіп кетті? Оған энергетиктер себеп пе, әлде бұл спорттық медицинаның тұралап қалғанына тағы бір дәлел ме? Қазақ футболында медициналық анықтаманы сатып алу қалыпты жағдай ма? Осы және өзге де мәселелерді спорт дәрігері Азамат Нұрмахановтан сұрап білдік.