"Жүрегіне батарея қойылған": "Нұрлан мен Мұрат" тобының әншісі жүрегіндегі ақауы туралы айтты
Танымал топ "Нұрлан мен Мұрат" тобының әншісі Нұрлан Әміровтің жүрегіне батарея қойылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әншінің жұбайы Диана Смағұлова жүрек ақауы бар Нұрлан Әміровтің жағдайы туралы айтып берді.
Менен 19 жас үлкен болса да, жас айырмашығы сезілмейді. Қарсы шыққандар болды. Жүрегінің ақауы бар. Жүрегінің кардиостимуляторы бар. Ол кісі екі рет инфаркт алған. "Жүрегін ауыстыру керек" деп айтқан жағдай да болды. Біздің жүрегіміз 100 пайыз істесе, оның жұмысы тек 50 пайыз жұмыс істейді. Қатты ауырып, "Дайындалыңыз" деген уақыт та болды, - деді Диана Смағұлова "Ұйқым келмейді" бағдарламасында.
Ал өнер иесі қазіргі таңда жүрегіне батарея қойылғанын атап өтті.
Алла "Жыласаң жас берем, ойласаң - бас берем" дейді екен. Ойланып, бәрі тамаша, бәрі керемет деп жүру керек екен. Шынымен, біраз ауырдым. Маған "Жүрегіңді ауыстырасың" деп те айтты. Жүрекке пломба, темір салып қояды екен. Иә, бәрі рас. Шынымен белгісіз деді. "Қалуың да, кетуің де мүмкін" деді. Жігіт болсақ та, көзімізге жас келіп жыладық. Өмірді қимайды екенсің. Өмірімді кішкене ұзартатын болса, темір салуға да дайын болдым. Қазір жүрегіме батарея орнатып қойды. Аппаратты терінің астына тігіп қояды. Өзіме білініп тұрады. Біреуін жүректің астына, біреуін үстіне қойды. Сол пульс беріп тұрады. 7 жылда бір ауыстырады, - деді Нұрлан Әміров.