Жаңалықтар

«Жұмыстан босатумен мәселе шешілмейді». Қарашөкеев әжетханадағы бала өлімі жайлы

«Жұмыстан босатумен мәселе шешілмейді». Қарашөкеев әжетханадағы бала өлімі жайлы
Фото: коллаж El.kz 13.05.2024 11:49 1901

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі отырыс барысында өңірдегі жұмыстың қолданыстағы тәсілдерін қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкім құқық бұзушылықтарды орнында дер кезінде анықтап, мектеп әкімшілігі жедел әрекет етуі керектігін айтты.

Мекеме басшылары туындаған мәселелермен жүйелі түрде жұмыс істеудің орнына фактілерді жасыруға тырысады. Олар жұмыстан босатылып, жауапқа тартылатыны сөзсіз. Бірақ бұл мәселенің шешімі еме, — деді Қарашөкеев.

Сондай-ақ жауапты тұлғаларға әлімжеттік көргендерге көмек көрсету үшін бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру және оқушыларды жаңа қызметтің жұмысы туралы кеңінен хабардар ету тапсырылды.

Психологтар білім басқармасымен тікелей жұмыс істеп, мәселелер туралы жедел хабарлауы, өз бетінше маңызды шешімдер қабылдауы және мектеп басшылығына тәуелді болмауы тиіс, — деді өңір басшысы.

Әкім мектеп психологтарының біліктілігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға