Жұмыстағы жайлылық жиһаздан басталады
«El.kz» порталының қолдауымен «Біздің Brand» шығармашылық тобы «Aqniet Holding» өндіріс алаңымен танысып қайтты. «Aqniet Holding» еліміздегі сапалы отандық жиһаз шығаратын ірі кәсіпорындардың бірі. Мұнда мектеп партасынан бастап орындық, үстел, шкаф және оқу орындарына қажет өзге де жиһаз түрлері дайындалады. Айта кету керек, кәсіпорын мемлекет тарапынан да қолдау алып келеді. Мәселен, өндірістік жабдықты жаңартуға арналған инвестициялық қолдау, отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік тапсырыстар арқылы ынталандыру, жаңа жұмыс орындарын ашуға арналған салықтық және әлеуметтік жеңілдіктер. Осының арқасында «Aqniet Holding» өндіріс ауқымын кеңейтіп, білім беру саласын сапалы жиһазбен қамтамасыз етіп отыр. Өндіріс жайлы толығырақ шығарылымнан көріңіз!