Жаңалықтар

Жұмыссыздарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы SMS-хабарламалар жолданды

Жұмыссыздарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы SMS-хабарламалар жолданды
Фото: gov.kz 13.02.2023 12:02 1804

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 23-35 жас аралығындағы 12 мыңнан астам қазақстандық жұмыссыз жастарға жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарламалар жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі министрліктің ресми айтына сілтеме жасап.

Азаматтарға бір мезгілде жұмыс іздеу, тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары туралы SMS-хабарламалар жіберілді.

«Жалпы, еліміздің әрбір азаматы «Enbek.kz» порталы, халықты жұмыспен қамту орталығы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жұмысқа орналасу, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алу және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңес ала алады», - деді ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Отбасының цифрлық картасы енгізілді. Ол мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде мемлекеттік қолдауға құқылы азаматтарды анықтап, оларға проактивты форматта көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға