Жұмыссыз қалғандарға 6 айға дейін әлеметтік көмек беріледі
Фото: qazaly.kz
Фото: qazaly.kz
16.03.2023 10:15
1114
Жұмысынан шығып қалған азаматтар 6 айға дейін айлығының 45 пайызын алады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, бұл әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жарна төлеген уақытына сәйкес есептеледі
Ай сайын айлықтан төленетін сақтандыру жүйесі әлеуметтік тәуекелдің 5 түрінен сақтандырады. Бұл – халықаралық стандарттарға және нақты экономикалық жағдайларға сәйкес жасалған жүйе. Енді оның мақсаты өзгереді, бірақ негізі сақталады. Жүйе әлеуметтік төлемге ғана бағытталмайды, азаматтарды формальді жұмыс істеуге ынталандыруды да көздейді.
Жүйеге қатысу уақыты мен әлеуметтік төлемдер арасындағы байланысты күшейту, үшіншіден әлеуметтік жарналарды уақытылы аударып отырған жұмыскерлерге сақтандыру қорларынан әлеуметтік төлемдер мөлшерін кезең-кезеңімен ұлғайту басты мақсат болмақ. Мысалы жұмыссыз қалған азаматтарға әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жарна төлеген уақытына сәйкес 6 айға дейін бұрынғы табысының 45 пайызын төлеу қарастырылып отыр", - дейді Тамара Дүйсенова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ерлан Қарин бір жыл ішіндегі бес өзгеріс туралы айтты
Келесі жаңалық
Қайтарылған қаражатқа Атырау облысында мектеп салынады