Жұмысшы тоқ ұрып қайтыс болды: оқиғаға қатысты тергеу басталды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
Ақмола облысында жұмысшының қазасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 30 сәуір күні Көкшетау қаласындағы Ташенов – Уәлиханов көшесінің қиылысында болған. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшы тоқ ұрып қайтыс болған. Ал оның жасы небәрі 20-да екен.
Осы дерекке қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - делінген мәліметте.

