«Жұмбақ бояулар»: Маңғыстауда суретшілер мен мүсіншілердің халықаралық симпозиумы басталды
Маңғыстауда «Жұмбақ бояулар» атты халықаралық суретшілер мен мүсіншілер симпозиумы басталды. Халықаралық шара «Ақтау-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында 20-30 шілде күндері өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Симпозиумның басты мақсаты – беделді қылқалам шеберлерінің тәжірибе алмасуы, шеберлік сабақтарын өткізу және Маңғыстау өлкесінің табиғи ерекшеліктерін бейнелейтін өнер шығармаларын жасауға бағытталған. Сонымен қатар, темірден жасалған мүсіндерді насихаттау, қала көрікті жерлерін ашу және мүсін өнерін дәріптеу жоспарланған.
Іс-шара 10 күнге созылады. Симпозиумға түркі тілдес мемлекеттерден жиналған 30-дан астам мүсінші мен суретші қатысады. Қазақстаннан 10 мүсінші, оның екеуі Ақтаудан, өзге облыстардан сегіз. Сонымен қатар, 10 суретші, оның ішінде бесеуі Ақтаудан және өзге облыстардан. Шара бейнелеу өнерін насихаттап, қала тұрғындары мен қонақтарын түркі тілдес елдерден келген қатысушылардың шығармашылығымен таныстыруды көздейді, - дейді ұйымдастырушылар.
Симпозиум аясында өткізілетін іс-шаралар қала мәдениетін дамытуға, өнерге қызығушылықты арттыруға және халықаралық мәдени байланысты нығайту көзделіп отыр.

